Акцизделетін тауарларды заңсыз айналымға шығару кәсіпкерлер үшін 600 мың теңге айыппұл төлеумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 соты акциздік таңбалары белгіленбеген үлгідегі темекі бұйымдарын сақтау және сату фактілері бойынша жеке кәсіпкерлерге қатысты 2 әкімшілік іс қарады.

Зеленов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бұрын берілген нұсқамалар негізінде тақырыптық тексеру барысында, темекі бұйымдарын сақтап және бөлшек саудаға өткізуге арналған лицензиялары жоқ, бірақ осы өнім саудсымен айналысқан екі дүкенді анықтаған.

Анықталған бұзушылық фактісі бойынша жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283 б. 2 б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, анықталған темекі өнімдері тәркіленді.

Сот іс материалдарын зерделеп, құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 283 б. 2 б. кінәлі деп танып, әрқайсысына 150 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 680 700 теңгені құрайтын, айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады, ал темекі өнімдері жою мақсатында тәркіленіп алынды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі