Қоғамдық тәртіпті бұзды
16.09.2015 жылы Теректі аудандық соты Д.Нугмановқа қатысты ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік істі қарады.
Істің мән-жайларына сай, 06.09.2015 жылы таңғы сағат 06:00-де Подстепное ауылында Д.Нугманов қоғамдық жерде, яғни «Кемпинг экспресс» ғимаратының қасында, жолдың шетінде, дәрет етіп тұрған. Ер адамның әдепсіз әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерге жарияланып, аса қоғамдық пікірталас тудырды.