ҚР Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында кездесу өтті
ҚР Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында Казталов аудандық сотының судьясы А.Жамантаеваның А.Оразбаева атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Аталған іс-шара судьяның конституциялық даму кезеңі жөніндегі дәрісінен басталды.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушыларға Республика Қазақстан соттарының қызметі туралы, медиация және жергілікті тұрғындар арасында құқықбұзушылық профилактикасы жөнінде білуге мүмкіндік болды.