ұрлық

Бөтеннің мүлкін жымқырған

15/04/2016

Жәнібек аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 2, 3 т. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бiрнеше рет тұрғын үй-жайға заңсыз кiру) көзделген қылмыстық істі қарады.

Бөтеннің мүлкін ұрлау

14/08/2015

Ақжайық аудандық сотында ҚР ҚКнің 188 бабы 1, 2, 3 тармақтарымен (жаңа редакцияда), адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кiру арқылы ұрлық,  яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды жасаған  қылмыстық әрекеттері үшін айыпталған  3 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар бір жәбірленушіге келтірілген залалды өндіріп, кінәларын мойындады.

Ұсақ ұрлық жасап сотталды

30/07/2015

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 187 б. 1 б. көзделген қылмыстық теріс қылық жасаны үшін азаматша Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.   

Іс материалдары бойынша, сотталушы Приуральный ауылында орналасқан үйге емін-еркін кіру арқылы, сервантта тұрған 3 500 теңгені қолды қылған.

Сот отырысында сотталушы Г. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, қатаң жазаламауды сұрады.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 187 б. 1 б.  кінәлі деп танылып, оған қылмыстық іс-әрекеті үшін 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

 

Процессуалдық келісім жасалды

10/07/2015

Бөрлі аудандық сотында анасының әмиянынан 15 000 теңге ұрлаған бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Осы іс бойынша сотқа дейін прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы  поцессуалдық келісім жасалды.

Сот процессуалдық келісімді қарап, азаматшаны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға  бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 15 000 теңге көлемінде материалдық залал және мемлекеттің пайдасына мемлекеттік бажды өндірді.

Сауда орталығында болған ұрлық

30/06/2015

Орал қалалық соты сауда орталығында, ішінде 80 000 теңге және 5 000 ресей рубльі бар әмиянды ұрлаған азаматша Д-ға қатысты сот үкімін жариялады.

Сот талқылауында сотталушы ұрлық фактісіне қатысты кінәсін толықтай мойындады.

Сот азаматша Д-ны ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Супермаркеттегі ұрлық келісіммен шешімін тапты

25/06/2015

Анасы мен қызы супермаркетте азық-түлік және шарауашлық заттарын сатып алып жүріп, себеттегі тауарларға ғана төлеп, ал күні бүрын сөмкелеріне салып алған тауарды касса жанын білдірмей өткізіп, ұрлық жасамақшы болған. Алайда, екеуі де кассадан өтіп кетпек болған тұста, ұрланған заттарымен ұсталған. Қылмыстық қуадалау органдары сотталушылардың әрекетін ҚР ҚК 187 б. 1 б.  ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған ұрлық бойынша дәрежеледі.

Ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

17/06/2015

Орал қалалық соты бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлаған азаматқа қатысты сот үкім жариялады.

Сотталушы Э.Аманғалиев танысының үйінде қонақта болған кезде ың,айлы сәтті пайдаланып, алтын бұйымдарды ұрлап алған.

Сонымен қатар, сасқа танысының үйінде, үстел үстінде жатырған ұялы телефонды қолды еткен.

Орал қалалық сотының үкімімен Аманғалиев ҚР ҚК-нің 188б. 2б. 2т. кінәлі деп танылып, оған осы бабы бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

17/06/2015

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188 б. 1 б. ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы техникалық қызмет көрсету станциясында  болып, бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, станция иесінің күртешесінің қалтасынан ақша мен жеке куәлігі салынған әмиянын ұрлап, қылмыс жасаған жерден бой тасалаған.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінетінін білдірді.

Бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталды

10/06/2015

Орал қалалық соты бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыстар  жасаған А.Степураға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Алдын ала тергеу органдары сотталушыны жәбірленушінің қалтасынан ақша ұрламақ болғанда, онысы байқалып, өз ойын ақырына дейін жеткізе алмаған деп айыптаған.

Сотталушы сотта өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Беттер