татуласу

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

15/10/2015

Казталов аудандық соты талапкер К-ның жауапкер А-ға некені бұзу туралы талап арызы қаралды.

Сотпен анықталғандай, ерлі-зайыптылар 1998 жылдан бері заңды некеде тұрып, сол некеден 4 балалары бар. Жауапкер үнемі арақ ішіп, мас күйінде отбасы тыныштығын бұзған.

Сотта жауапкер талапкерден кешірім сұрап, ал талапкер балалары үшін жауапкерді кешіріп, нәтижесінде тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты, азаматтық іс қысқартылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

06/08/2015

Казталов аудандық сотында әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

 Азаматша К. ҚР ӘҚБтК 73 б. 1 б. бойынша жауапкершілікке тартылған.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы арақ ішкен мас күйінде өзінің апасына сыйламаушылық көрсетіп, балағаттаған.

Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі өндірістен қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қылмыстық іс медиация заңымен қысқартылды

27/03/2015

Казталов ауданының №2 соты ауылдасын ұрып-соққан азаматты ҚР ҚК-нің 109 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымды қарады.

Аталған жеке шағым соттың іс жүргізуіне қабалданып, сотталушыға таныстырылды. Судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндірді.

Істі қарау барысында, тараптар дауды (дау- шарды) медиация арқылы реттеу туралы келісімге келді. 

Дау бітімгершілікпен бітті

11/03/2015

Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 109 бабы бойынша қылмыстық іс ҚК-нің 68 б. 1 б. сәйкес жәбірленушінің сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды.

Ерлі-зайыптылар  ажырасқандарымен бір пәтерде тұрып жатқан. Мамыр айының бір күні бұрынғы жұбайы мас күйінде үйге келіп, араларында ұрыс шығып, салдарынан бұрынғы әйелі жәбірленушінің бетіне көптеген жарақаттар келтірген.

Әкесі ұлын кешірді

04/03/2015

Ақжайық аудандық сотын ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1 бөлімімен отбасы-тұрмыстық қатынас аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Ақжайық ауданы Жайық ауылының тұрғыны үйіне ішімдік ішкен күйінде келіп, әкесіне себепсіз тіл тигізіп,  отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы әкесінен кешірім сұрап, татуласқан.

Медиация тәртібімен татуласты

18/12/2014

Тасқала ауылының тұрғыны өз атына жекешелендірілген үйден күні бүгінге дейін тұрып келе жатқан, бұрынғы жолдасын шығаруды сұрап, сотқа жүгінген.

Сот отырысында талапкер бұрынғы жолдасымен араларындағы дауды кәсіпқой емес медиатор арқылы шешіп, өзара татуласып, ҚР «Медиация туралы» Заңына сәйкес жасалған «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынып, бекітуді және істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Іс тараптардың өзара татуласуымен қысқартылды

10/12/2014

 

Ақжайық аудандық №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Алмалы ауылының тұрғыны денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін сотқа тартылған.

Сот отырысында тараптар татуласуларына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты  іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Тараптар мәмілеге келді

10/12/2014

 

Теректі аудандық сотының ұйғарымымен медиация тәртібі бойынша дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, сомма өндіру туралы азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Талапкер «Казахтелеком» АҚ жауапкерден 17500 тенге өндіру туралы арызымен сотқа жүгінген.

Талапкер өзінің талап арызында жауапкердің телекоммуникация қызметін пайдаланғаны үшін 17500 тенге бере шегін төлемейтіндігін айтқан.

Медиация тәртібімен татуласты

23/10/2014

 

Тасқала ауылының  тұрғыны С.Көшекбаев танысымен  ішімдік ішу барысында  ыңғайлы сәтті пайдаланып, соңғының құны 5 000 теңгелік ұялы телефонын ұрлап алған.

Сот отырысы барысында сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібі бойынша татуласқанын жеткізді.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен Көшекбаев жауапкермен тауласуына байланысты, Қылмыстық Кодексінің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Көшекбаевқа қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

20/10/2014

 

Казталов  ауданының №2 сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 145 бабының 2 бөлігімен айыпталған Б.Мадеев ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен қысқартылды.

Іс материалдарынан анықталғандай, Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғыны Мадеев сыртқы есікті сындыру арқылы ауылдасының еркінен тыс үйіне басып кіріп, жәбірленушіге 50 000 теңге  материалдық залал келтірген.

Беттер