қылмыстық іс

Есірткі затын заңсыз сақтаған

14/04/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен (есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Сот РФ азаматына қатысты қылмыстық істі қарады

14/03/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК 394 б. 2 б. (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру)бойынша Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық істі іс-жүргізу келісімі шеңберінде қарады.

Зеленов ауданының прокуроры мен сотталушы қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып,келесідей жағдайларда қылмыс жасағаны туралы кінәні мойындау түріндегі  іс-жүргізу келісімін жасасты.

Билік өкіліне бағынбаған

08/01/2016

Жәнібек аудандық соты ҚР ҚК-нің 379 б. 1 б. қылмыстық іс қарады.

Іс материалдары бойынша сотталушы Жәнібек аудандық ІІБ қызметкерінің заңды талаптарына бағынбауы салдарынан соттың үкімімен 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа  тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Қоғамдық жұмысқа тартылды

23/12/2015

Жәнібек аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 б. 2 б. қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша сотталушы Жәнібек ауылында үйінің артқы жағында өсіп тұрған жасыл түсті, жабайы сораға ұқсас өсімдікті теріп алған. Кейін кептіріп, кішкентай полиэтиленді қорапқа салып, қорада  сақтаған.

Сарапшы қорытындысына сай, сотталушыдан табылған өсімдік заты салмағы 21,42 грамм кептірілген марихуана екені анықталған.

Соттың үкімімен соттаулышы 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа  тартылды.

Қылмыстық іс

10/11/2015
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.  кісі өлтіру қылмысы бойынша В.Е.Мухамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
В.Е.Мухамбетова өзінің әкесіне пышақпен үш рет соққы жасау салдарынан соңғы сол жерде көз жұмған деп айыпталған.
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2015 жылдың 19 қараша күні сағат 10.00-ге тағайындалды.

 

 

Қылмыстық істер жөніндегі сотында кісі өліміне қатысты іс қаралуда

05/11/2015

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында   ҚР ҚК 99 б. 1 б. (кісі өлтіру) бойынша сотқа берілген Г.П.Кабанченкоға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Г.В.Кабанченко алкогольдік мас күйінде өзінің апасы Е.В.Кабанченкоға ас пышағымен кеуде тұсына бір рет соққы жасауы салдарынан ол оқиға болған жерде қайтыс болған деп айып тағылған.

Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2015 жылдың 4 қараша күні сағ. 10.00-ге тағайындалды. 

БҚО-да қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау мәселесі талқыланды

02/07/2015

29 маусымда Батыс Қазақстан облыстық сотында алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді қарау мәселелері жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық әкімдіктің, БҚО прокуратурасының, БҚО ІІД, БҚО бойынша ҰҚК, БҚО бойынша мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігінің, БҚО бойынша ТЖБК департаменті, БҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Ішімдік ішіп, көлікке отырған

02/06/2015

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы Жаңақала ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы «Чапай-Жаңақала-Сайхын» тас жолында өзінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қармастан, алкогольдік ішімдігін ішкен күйде автокөлік басқарғаны анықталды.

БҚО Орал қалалық сотында қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартылды

20/04/2015

Іс материалдарынан анықталғандай, азамат Р. сандық техникалар дүкенінде жүріп, сөреден «I-Phone 6» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сотта сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

БҚО Орал қалалық соты азамат Р. жәбірленушімен медиация рәсімімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. ҚР ҚК-нің 188б. 2б. 3т. қозғалған қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. 

Казталов аудандық соты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді

19/03/2015

 

 

Казталов аудандық сотында жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья А.Ж.Жамантаева келісімдік іс жүргізумен қаралған қылмыстық істің нәтижесі туралы хабарлама жасады.

Кездесуде бөтен мүлікті алдау арқылы жымқыру бойынша айып тағылған азамат Ш-қа қатысты қылмыстық іс жайында айтылды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азамат Ш. өзіне тағылған айып бойынша  аудандық прокурормен кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасаған.

Беттер