кездесі

Мектеп оқушыларымен кездесу

30/11/2015

Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгеруішісі З.К.Зайнуллина және бас маман Б.Е.Ману Қазақстан Республикасы Президенті күні қарсаңында М.С.Бабажанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге мектеп директоры, ұстаздар және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Сенат депутатымен кездесу

30/07/2015

Бөкей ордасы ауданы орталығында «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы парламент сенаты депутат Р.С.Ахметовпен  болған кездесуге, аудан әкімдігінің, прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері сонымени бірге,Бөкей ордасы апудандық сотының төрайымы Т.С.Ғұмарова және сот мәжілісінің хатшысы А.М.Аманов қатысты.    

Анонс:БҚО жасөспірімдер соты мектеп оқушыларымен кездесу өткізеді

13/05/2015

Ағымдағы жылдың 18 мамырында БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ф.Ғ. Құрманованың Орал қаласының №6 ЖОББМ 8-10 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесуі өтеді.

Аталған шара жазғы демалыс қарсаңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

 

Сот қызметкерлері соғыс ардагерімен кездесті

05/03/2015

Ағымдағы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осыған орай аудандық ұйымдар мен мектептер соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастыруда. Жеңіс мерекесі қарсаңында бұл шарадан сот қызметкерлері де тыс қалмады. 

Тасқала аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Н.К.Самарханова, кеңсе меңгерушісі мен соттың бас маманы Үлы Отан Соғысының ардагері С.Б. Ильясовамен кездесіп, аудандық сот ұжымы атынан атаулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке тілеп, естелік сылйқты табыс етті