Жарияланымдар

Қазақ

КӨКТЕМГІ СЫЙ

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Жылқы жылының көктемі облыстың сот жүйесіне өз өрнегін сала келді. Сот жүйесінде жемісті қызмет атқарғаны және сот төрелігін атқаруда елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, еңбекте елеулі жетістіктерге жеткені үшін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында бірқатар судьялар мен сот қызметкерлеріне Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының грамоталары табыс етілді.

Жауаптылықтан қашып құтыла алмайсың...

     «Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Өзіне тапсырылған жауаптылықты абыроймен орындау - әр азаматтың борышы деп білеміз. Дегенмен, заман қиындығы дейміз бе, әлде жұмыссыздық дейміз бе, адамдар мойындағы борыштарын өтей алмай әр түрлі қадамға баруда. Оған дәлел күннен – күнге сот тәртібімен қаралатын азаматтық және әкімшілік істердің жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай көбеюі. Кейбірі банктегі несиелерін төлей алмаса, кейбірі ата – аналық борышын өтемей өз баласына алимент төлеуден қашып жүр.

Сабақтастық билік дәстүрін нығайтады

Заң газеті 1 сәуір 2014ж.

Батыс Қазақстан облыстық сотында тәлімгерлер мен менторлардың қатысуымен жас судяларға арналған семинар – тренинг өтті.

Бас қосуды ашып сөз алған облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жиналғандарды шараның бағдарламасымен таныстырып, жиынды өткізудің мән – маңызына жан – жақты тоқталды.

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТҚАН ДҰРЫС

Заң газеті 20 наурыз 2014ж.

Батыс Қазақстан облыстық соты оқу орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым келтірген дауларды шешудің келелі» мәселелері тақырыбында семинар өтті. Семинарға төрағалық еткен Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Хабиболла Аманқұлов көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығына назар аударды.

Беттер