Жарияланымдар

Қазақ

АШЫҚ ІС КҮМӘН ТУҒЫЗБАЙДЫ

 

«Ақ Жайық ақиқаты» 20 мамыр 2014 жыл

Тасқала аудандық сотының төрағасы Әлібек Ахметов редакцияға өзі хабарласып, оқырмандарының сауалдарына ашық жауап бергісі келетін ықыласын білдірді. Біз сот төрағасына бірқатар сауалдар жолдағанбыз. Жақында жауабын алдық.

ТІЛІ БҰРМАЛАНҒАН ӘКІМШІЛІК ІСТЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Бірінші тоқсанның аяқталуы жылдық жұмысқа қамданыстың алғашқы айқындаушы сәті. Барлық жердегідей сот жүйесінде де тоқсанның соңғы күндері жиналыстар мен іс – шараларға толып кетті. Тіпті біріне қатыссаң екіншісіне үлгере алмай жатқаның. Сол сияқты Батыс Қазақстан облыстық сотында да тоқсанның соңғы аптасының соңғы күні әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істерді қараудың сот тәжірибелерін талқылауға арналған үш семинар бір мезгілде үш жерде қатар оздырылды.

Сабақтастық билік дәстүрін нығайтады

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Батыс Қазақстан облыстық сотында тәлімгерлер мен менторлардың қатысуымен жас судяларға арналған семинар – тренинг өтті.

Бас қосуды ашып сөз алған облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жиналғандарды шараның бағдарламасымен таныстырып, жиынды өткізудің мән – маңызына жан – жақты тоқталды.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАДЫ

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Батыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы қоғамдық Кеңестің кезекті мәжілісі болып, онда судьялыққа үміткерлерді іріктеуді жетілдіріп, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерттеуді тереңдетуге және тиісті шешім алуда қоғамдық пікірді есепке алуға бағытталған келелі әңгіме қозғалды.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындағы бос тұрған судьялық қызмет орындарына 16 үміткер тіркелген.

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Облыстық соттың оқу орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым келтірген дауларды шешудің келелі» мәселелері тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыстық, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық және  Орал қалалық №2 сотының судьялары, сондай – ақ сотта осындай мазмұндағы даулары жиі қаралатын салық, кеден органдары  мен сот қаулыларын орындау департаментінің және басқа мүдделі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Билер даналығынан үлгі алайық

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Қазақ даласында би болу заманында аса мәртебелі атақ болды. Оған күрделі талаптар қойылды.

«Қазақ билер соты – бірегей сот жүйесі» екендігін академик Салық Зиманов зерттеп, жүйелеп, оның адамдардың бостандығы мен адамгершілік, әділдікке негізделгенін  және батыстың қалыптасқан заң институттарынан дәрежесі кем түспейтіндігін дәлелдеп кеткен болатын. Бұл орайда, ғалымның тіклелей басшылығымен  төрт тілде жарық көрген «Қазақ Ата заңдары» он томдық жинағын атап кеткеніміз жөн.

СОТТЫ СЫЙЛАЙ БІЛ!

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Сот мемлекеттік биліктің, заң үстемдігінің киелі шаңырағы. Даудың шешілетін, түйіннің тарқатылатын, қара қылды қақ жарар әділ биліктің ақ алмастай жарқылдайтын тұсы.

ТҮЗЕЛМЕГЕН БҰЗАҚЫ темір тордың ар жағына қайта тоғытылды

«Ақ Жайық ақиқаты» 16 сәуір 2014ж.

Шартты түрде бас бостандығы шектеліп қылмыстық атқару жүйесі мемемесінің бақылауында жүрген өтелмеген соттылығы бар шыңғырлаулық Б.Қырықбаев түзелу жолына түспеді. Шектеулі еркіндікте жүріп те қасақана тәртіп бұзуын жалғастыра берді.

Беттер