Зорлықшы бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасылық тәрбиесіне алған қызды зорлаған адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Іс материалдарынан мәлім болғандай, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар 2012 жылы балалар үйінен қыз бала асырап алған. Ол 2013 жылы колледжге оқуға түсіп, ата-анасының Орал қаласындағы пәтерінде тұрған.

Қалаға келген қамқоршы әкесі  ішімдік ішіп алып,  қызды зорлаған.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 б. 3 бөлігімен кінәлі деп танып, 11 жыл бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтемек.  

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі