Жәнібек аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін жоғарылату және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жәнібек аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара аясында жергілікті тұрғын А.Жылқыбаева  мүлік егесінің құқықтарын қорғау және жылжымайтын мүлікке қатысты туындаған мәселелерімен сотқа жүгінді.

Сот төрағасы А.Бижанов   ауыл тұрғынына  Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына сай түсініктеме берді.

Аталмыш шара көмек сұрап жүгінген азаматтарға орын алған дауларды бітімгер арқылы шешу жөнінде түсіндірім беруге өте қолайлы мүмкіндік беретінін атап айту қажет. Аудандық соттың төрағасы «Медиация туралы» Заңын түсіндіріп, аудан тұрғындары арасында туындаған қайшылықтарды шешуге қабілетті медиаторлардың қызметі және медиация кабинеттерінің ашылғандығы туралы айтты .

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі