Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты ҚР ҚК 109 б. (ұрып-соғу) жеке айыптау бойынша қылмыстық ісіті медиация тәртібімен қысқартты.

Іс материалдары бойынша Тасқала ауылының тұрғыны азаматша З-ға балағат сөздер айтып, ұрып-соғумен қорқытып, кейін баспалдақ алаңына итеріп шығарған және шынтағымен бетінен ұрған.

Кәсіби емес медиатордың көмегімен тараптардың татуласуына байланысты сотқылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартып, ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі