Талаптар медиация тәртібімен бітімгершілік келісім жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А» ШҚ-ның жауапкер «Б» ЖШС-нен ШҚ «А» кредиторлар жиналысы хаттамасының негізінде әкімшілік шығыстар есебіне 1 200 000 теңге берешек сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар арасында медиация бойынша дауды реттеу туралы келісім жасалды. Оның талаптарына сәйкес: талапкер талап арыздан бас тартады, ал жауапкер талапкерге 1 200 000 теңге көлемінде ақы төлеуді келесі кестеге сәйкес міндеттеледі: 2018 жылдың тамыздың 31-не дейін 500 000 теңге мөлшерінде; 2019 жылдың шілденің 25–не дейін 700 000 теңге мөлшерінде төлейді.

Сот, АПК-нің 179, 194 баптарын, 277 бабының 6 тармағын басшылыққа ала отырып, медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуі тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі