Студенттер жасөспірімдер сотының жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні сотқа экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің «Құқықтану» мамандығы тобының студенттері келді.

Жас ұрпақтың құқықтық санасын көтеру және болашақ заңгерлерді сот жұмысымен таныстару мақсатында сот төрағасы Тельман Ибрашев кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылу тарихы, қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік істердің қаралу ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Сот ғимаратын аралау барысында студенттер психологтің кабинетінде болдып, сот кеңсесі мамандарының жұмысымен, жаңа аудио-бейне жазу құрылғылармен жабдықталған сот отырысының залдарымен танысты.

Шара соңында, төраға студенттерге сапалы білім алып, тәжірибелі заңгер болуларына және мамандықтары бойынша мемлекеттік қызметке орналасуларына тілек білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі