Сот ұжымы балалар ауылының тәрбиеленушілерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дәстүр бойынша Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Соттың мамандары «Астана күні» қарсаңында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлау мақсатында  балалармен бірге Островский атындағы орыс драма театрына болып, «Репка» қойылымын тамашалады. Қойылымнан тамаша әсер алған тәрбиеленушілер соттың ұжымына алғыстарын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: