Сот мамандарымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов  ауданының №2  сотында пошта байланысы арқылы жөнелтуге жататын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың құжаттар тізімі бойынша Істер номенклатурасына толықтыруларды зерттеу жөнінде семинар сабақ өтті.

Баяндамашы Н.Карупова істер номенклатурасына енгізілген толықтырулар туралы айтып, нарядтарды қатаң түрде Істер номенклатурасына сай жүргізу қажеттігіне ерекше тоқталды. Пошта байланысы арқылы жөнелтуге жататын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың құжаттар тізімі зерделенді. Баяндамашы пошта байланысы арқылы жөнелтуге жататын соттың шығыс хат-хабарының түрлерін нақтылап айтты.

Сөз соңында, аталған Тізімге сәйкес құжаттарды жөнелтуді қатаң сақтау қажеттігі туралы аталды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі