Сот еңбек өтілін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов  аудандық соты аудан тұрғынының арызы бойынша заңдылық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

Іс-материалдарына сай, арыз берушінің 01.06.1979 – 31.03.1984 ж.ж. аралығында «Райпотребсоюз» АТО – ның көлік базасында жүргізушілік қызметін атқарғандығы анықталды. Қазіргі таңда аталған мекеме жоқ болғандықтан және аудандық мұрағатқа осы мекеменің құжаттары тапсырылмағандықтан арыз беруші еңбек өтілінің жылдарын анықтайтын құжат алуға мүмкіншілігі болмаған. Осындай себептерге байланысты заңдық маңызы бар еңбек өтілі жылдарын анықтау туралы арызымен сотқа жүгінген.

АІЖК-нің 223-226 б. сәйкес, сот арыз беруші заңды маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

            ҚР АІЖК – нің 309-бабына сай заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы соттың шешімі, егер мұндай құқық осы органдар беретін құжаттарды ауыстырмай, тіркелуге жататын болса, тиісті құқықты мемлекеттік тіркеуге және тиісті құжаттарды беруге негіз болып табылады

Сот шешімімен  заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз қанағаттандырылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі