Полиция қызметкері жүргізу куәлігінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен полиция қызметкері екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әкімшілік полиция қызметкерлері облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі Серік Құспановты 25 ақпан күні Желаев тас жолында ұстаған. Ұстау барысында оның көлікті мас күйінде жүргізгендігі анықталған. Сонымен қатар, тексеру барысында көлігінің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталған.  

Құспанов медициналық айықтырғыш бөлімшесіне жеткізілген. Алайда, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Сот полиция қызметкерін ҚР ӘҚБтК 471 бабы бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау және мас күйін куәландырудан өтуден жалтаруына сәйкес, кінәлі деп танып,  екі жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Полиция қызметкері көлігінің жалған мемлекеттік нөміріне қатысты іс бөлек өндірісте қаралатын болады.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі