Пилоттық жобаның мақсаты мен міндеті түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобасын енгізу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Отырысқа үкіметтік емес ұйымдары «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Тасқала ауданының аңшылар және балық аулаушылар қоғамы» ҚБ, Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» қызметкерлерінің, «Тасқала Досуг» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің басшылары шақырылды.

Тасқала аудандық сотының төрағасы А.Дүйсенғалиев шараға қатысушыларды медиацияны одан әрі  дамуы мақсатында  Жоғарғы Сотының Төрағасымен бекітілген  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен таныстырып, пилоттық жобаның мақсаты мен негізгі міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды) реттеу мүдделігін анықтау туралы түсіндірді.

Шараға қатысушылар пилоттық жобаны толықтай қуаттап, аталған жобаның табысты жүзеге асуына жауапкершілікпен қарау қажеттігін білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі