Соттарда істерді қарау сапасы
Батыс Қазақстан облыстық сотында соттарда істерді қарау сапасын жақсарту бойынша кеңес өтті. Кеңеске Жоғарғы Соттың судьясы А.Кенжегарин, облыстық соттың судьялары, сондай-ақ аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары бейне-конференц-байланыс арқылы қатысты.
Жоғарғы Соттың судьясы А. Кенжегарин мен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А. Ізбасаров жиналысты ашып, осындай іс-шаралардың өзектілігі мен қажеттілігіне назар аударды.