Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен ҚК-нің 108-бабы бойынша аудан тұрғынына қатысты қылмыстық ісін қарады.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, көршілер арасында туындаған келіспеушіліктер барысында, жанжал шыққан, нәтижесінде жәбірленушіге жеңіл зиян келтірген.

Қылмыстық істі қарау кезінде тараптар Зеленов ауданы Дариян а/о тізілімінде тұрған кәсіби емес медиатор көмегіне жүгінді, нәтижесінде, тараптар арасында медиация келісімі жасалды. Келісімнің шарттары бойынша жәбірленуші зиян толық көлемде өтелгенін мәлімдеп, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірген, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрап, қылмыстық істі тоқтатуға келісті.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді бекітіп, аталған іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі