Адам өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО кылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Щёлоков Семён Павлович, ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танылып, осы баппен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге, жазасын өтеу орнынан маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу түрі тағайындалды.

Іс материалдарына сәйкес, С.Щелоков бірлесіп алкогольдік ішімдік ішу барысында туындаған ұрыс кезінде әкесіне деген келіспеушіліктен, кенеттен кісі өлтіруге пайда болған ниетпен, үстел үстінен ас пышағына тап беріп, әкесінің  кеуде тұсына соққы жасаған. Алған дене жарақатының салдарынан соңғысы сол жерде қайтыс болған.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі