Жаңалықтар

«Процессуалдық мерзімдер, оларды есептеу, мерзімдердің сақталуы мен ұзартылуы» тақырында семинар

02/04/2024

        Орал қаласының №2 сотында  «Процессуалдық мерзімдер, оларды есептеу, мерзімдердің сақталуы мен ұзартылуы» тақырыбында семинар сабақ өтті.

           Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы  Г.Суханова және судьялар қатысты.

             Процессуалдық мерзімдер, мерзімдердің сақталуы мен ұзартылуын зерделеу бойынша, сонымен қатар мерзімін өткізіп алу және оны қайта қалпына келтіру туралы  судья Р. Әділгерей баяндама жасады.

Татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны артқан

01/04/2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Ал тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мектеп оқушылармен кездесу

01/04/2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуін азайту және олардың алдын алудың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған өзекті де әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі екені сөзсіз.

Осылайша, нашақорлықтың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы Кадралиева С. Вальдорф гимназия мектебінің және 3 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.

«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті»

29/03/2024

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуіне парақорлық пен жемқорлық кедергі келтіреді. Сондықтан онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Елімізде сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты азайту мақсатында кешенді шаралар атқарылып келеді. Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. 

Студенттермен кездесу

26/03/2024

Жасөспірімдердің психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бөрлі аудандық сотының судьялары Ақсай техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Есірткі құралдарын тұтыну жастардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың денсаулығы үшін маңызды қауіп болып қала береді.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді

26/03/2024

Шыңғырлау аудандық сотында прокуратура органдары мен пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік тілді дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ашқан судья Н. Ердібеков өткізілетін іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді кеңінен енгізу және қолдану, қаралатын істердің саны мен сапасын қазақ тілінде арттыру қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау тәртібі

26/03/2024

Орал қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға мамандандырылған соттың төрағасы мен судьялары, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті мен басқармасы және ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері қатысты.

«Мемлекеттік тіл-елдегі береке-бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел

26/03/2024

Жалпақтал ауылының орталық кітапханасында Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының, Жалпақтал ауылының орталық кітапхана
өкілдерінің және аудандық сот әкімшісінің бас маманы Ж.Дуйсенованың қатысуларымен «Мемлекеттік тіл-елдегі береке-бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрелігін жүзеге асырудағы мемлекеттік тіл

20/03/2024

БҚО МАӘС-ның бас маман-сот отырысының хатшысы Ақмарал Сарсенова Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында жергілікті кәсіподақтардың басшылары мен мамандарына мемлекеттік тіл тақырыбында дәріс өткізді.

Қайырымдылық күні

20/03/2024

Жаңақала аудандық кітапханасында   Наурызнама бойынша қайырымдылық күніне орай,  аудандық зағиптар қоғамының төрағасының бастамасымен, зағип және көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайырымдылық-жылы жүректен» мерекелік кеші оздырылды.

Беттер