Архив событий

28/02/2017

Талап қою мерзімін өткізіп алған

28/02/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Мұз айдыны спорт сарайы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК-ның Жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарап, талап қоюшының талаптарын қанағаттандырусыз қалдырды.

Полиция қызметкерінің талаптарын орындамаған

28/02/2017

Теректі аудандық соты ҚР Жол жүргізу қағидасының 2.1.2 тармағын бұзған.жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігіменәкімшілік жауапкершілікке тартты.

Құқықбұзушы ішкі істер органы қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен дабыл беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған

28/02/2017

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабы 11 бөлігі 2 тармағымен және 207 бабы 12 бөлігі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған, БҚО Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің басшысы М.Газезовке қатысты әкімшілік істі қарады.