Архив событий

06/01/2014

Іс сотқа түсті

06/01/2014

Орал қалалық сотына  Сапарғалиевқа қатысты қылмыстық іс түсті Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен айыпталуда.

Алдын ала тергеу органдарының мәліметі бойынша Сапарғалиев «СПК Орал» АҚ төрағасы бола тұрып, мемлекеттік сатып алу тәртібінсіз, «АтисОралАгро» ЖШС-мен тұрақтандыру қорына арналған азық-түлік тауарларын сақтау мен сатып алу жөнінде келісім жасаған. Соның салдарынан аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген.

Қылмыстық іс сотта қаралуда.