Архив событий

18/12/2013

Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы 2014 жылдың бірініші жартыжылдығында ұсынылады

18/12/2013

Жоғарғы соттың кеңесінде елімздің бас судьясы Қайрат Мәми жұмыс тобына 2014 жылдың бірініші жартыжылының соңына дейін, жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің алғашқы жобасын ұсынуды тапсырды. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, жаңа АІЖК жасауды Президент Нұрсұлтан Назарбаев 20 қарашада өткен Судьялардың VI съезінде Үкімет пен Жоғарғы Сотқа тапсырған болатын.

Жоғарғы Соттың төрағасы соттардың имиджін түбегейлі өзгертуді және судьялар этикасы Кодексін тыңғылықтауды тапсырды

18/12/2013

Кеңес барысында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми хабарлағандай, Президент Әкімшілігі Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті. Осы құжаттың негізінде Жоғарғы және жергілікті соттардың сәйкес жоспарының жобасы жасалды.

Әріқарайғы жұмыстың негізі бағытының бірі соттарға деген сенім деңгейін көтеру және мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде қоғамда сот жүйесіне деген құрметті қалыптастыру атап өтілді.