Жер комиссиясының хаттамалық шешімі мен әкімнің қаулысы заңсыз деп танылып күші жойылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен азамат Т.-ның Батыс Қазақстан обылысының әкіміне жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) жөніндегі жер комиссиясының хаттамалық шешіміне дау айту, жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру туралы қаулысына дау айту бойынша әкімшілік іс қаралды.

Жер Кодексінің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады. Жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Жер комиссиясының отырысы кворумсыз өткізіліп, қатысқан мүшелердің саны комиссия құрамының жалпы санынан үштен екісі қатыспағаны анықталды.

Осыған  байланысты әкімшілік талап арыз қанағаттандырылып, кворумсыз өткізілген комиссия отырысы мен ашық дауыс беру арқылы қабылданған шешім, сондай-ақ хаттамалық шешім, әкімнің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі заңсыз деп танылып күші жойылды. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі