Сот мүгедектігі бар еңбек ету қабілетінен айырылған адамның құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Н. азаматының медициналық - әлеуметтік сараптама актісін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.

МӘС бөлімімен талапкер Н. - ке 5  жыл мерзімге 1-топтағы мүгедектік белгіленді, мерзімі аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған мүгедектікті растау үшін қайта тексеруден өту қажет делінген қорытынды шығарылды.

  Шығарылған сараптамалық қорытынды актісімен және «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ-нің мерзімсіз мүгедектікті беруден бас тартқандарымен келіспей, талапкер сотқа жүгінді.

Істі қарау барысында медициналық көрсеткіштер мен науқастың жағдайы, сондай-ақ мүгедектік дәрежесінің тұрақтылығы, уәкілетті органның мерзімісіз қайта куәландырусыз, мерзімсіз мүгедектікті беру мүмкіндік болғаны,  оған негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Сот МӘС бөлімінің актісін заңсыз деп танып, жауапкерді акттің күшін жойып, талап қоюшының заңды мүддесі мен құқықтарын қалпына келтіруге міндеттеді. Сонымен қатар сот жоғары тұрған органның атына заңнамада жіберілген бұзушылықтарды көрсетіп жеке ұйғарым шығарды. 

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі