Түркістанда топ жарды
Жасының жетпістен асқанына қарамастан тұғырынан таймай боз кілемді шаңдатып жүрген самбо күресінен әлем және бірнеше дүркін республика чемпионы, “Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері”, доғарыстағы судья Қуаныш Әбуов үстіміздегі 12 – 14 мамыр күндері Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен республика біріншілігінде тағы да жеңіс тұғырына көтеріліп, он екіші мәрте алтыннан алқа тақты.