Архив событий

11/05/2017

Балалар құқығы және ата-аналардың оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттері

11/05/2017

БҚО Зеленов аудандық №2 соты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған аудан тұрғынынан қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, кәмелетке толмаған қыздың анасы  оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН болмай, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасамаған.

Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

11/05/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті  БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел – құтқару жасағы»  ММ-нің ЖК-ні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы  талап арызын қарады.