Сс, 10/03/2015 - 17:25
Қазіргі кезде балалар, әсіресе жасөспірімдер ғаламтордағы түрлі әлеуметтік желілердің және ойындардың құрбанына айналуда.
Ақсай қаласының А. есімді жасөспірімі осындай құмар ойындардың қызығына түсіп, компьютер клубында кешкі сағат 22.00-ден таңғы 06-ға дейін болған. Аталған факті кәмелетке толмағанның анасы Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісінің қаралуына себеп болды.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағымдағы жылдың ақпан айында түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін 1999 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А. заңды өкілінің қатысуынсыз ойын-сауық орталығы «М» компьтерлік клубында болғанын анықтады. Азаматша Т. кәмелетке толмағанның заңды өкілі бола тұра оның түнгі уақытта ойын-сауық орталығында болуына жол берген.
Сот азаматша Т-ны ҚР ӘҚБтК-ң 442 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, оған 5 946 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды.