Таңға дейін компьютер клубында болған жасөспірім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қазіргі кезде балалар, әсіресе жасөспірімдер ғаламтордағы түрлі әлеуметтік желілердің және ойындардың құрбанына айналуда.

 Ақсай қаласының А. есімді жасөспірімі осындай құмар ойындардың қызығына түсіп, компьютер клубында кешкі сағат 22.00-ден таңғы 06-ға дейін болған.  Аталған факті кәмелетке толмағанның анасы Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісінің қаралуына себеп болды.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағымдағы жылдың ақпан айында түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін 1999 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А. заңды өкілінің қатысуынсыз ойын-сауық орталығы «М» компьтерлік клубында болғанын анықтады. Азаматша Т. кәмелетке толмағанның заңды өкілі бола тұра оның түнгі уақытта ойын-сауық орталығында болуына жол берген.

Сот азаматша Т-ны ҚР ӘҚБтК-ң 442 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, оған 5 946 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі