Іс бітімгершілік келісімімен толықтай аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер жауапкер «Азия Тех Строй» құрылыс компаниясы ЖШС-нен шарт бойынша  жалға берген экипажы мен техникасы үшін, 6 564 300 теңге бережақ соманы өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында тараптар келесі шарттарда бітімгершілік келісімге келіп,  жауапкер  «Азия Тех Строй» құрылыс компакниясы ЖШС-гі талапкер жеке кәсіпкеріне 6 564 300 теңге қарыз соманы толықтай  төлеген, ал талапкер талап арыздан бас тартқан.

Сот, АПК-нің 174-177, 194, 277 баптарына сай,  бітімгершілік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша сот өндірісін қысқартқан.

Талап арызды қаматамасыз ету ұйғарымының заңды күші сотпен жойылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: