Іс бітімгершілік келісімімен толықтай аяқталды
24/04/2017
Жеке кәсіпкер жауапкер «Азия Тех Строй» құрылыс компаниясы ЖШС-нен шарт бойынша жалға берген экипажы мен техникасы үшін, 6 564 300 теңге бережақ соманы өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.
Сот отырысында тараптар келесі шарттарда бітімгершілік келісімге келіп, жауапкер «Азия Тех Строй» құрылыс компакниясы ЖШС-гі талапкер жеке кәсіпкеріне 6 564 300 теңге қарыз соманы толықтай төлеген, ал талапкер талап арыздан бас тартқан.
Сот, АПК-нің 174-177, 194, 277 баптарына сай, бітімгершілік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша сот өндірісін қысқартқан.
Талап арызды қаматамасыз ету ұйғарымының заңды күші сотпен жойылды.
Источник:
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі