Алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Бөкей ордасы аудандық соты ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы «С» ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, 1960 ж.т. азамат «С» алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны, медициналық куәландырудің қортындысымен дәлелденеді.
Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәні мойындады.
ӘҚБтК-нің 50 бабының 2 бөлігіне сай, алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.