Соттың шешімін орындамағыны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2-ші соты ӘҚБтК 669-бабымен, атқару парағын орындамау бойынаш Теректі ауданы Ақжайық ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, атқару парағы 2015 жылғы материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша шығарылған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, соттың шешімін орындайтынын көрсетті.

Сот қаулысымен құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі