Бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің335 бабының 1 бөлімі 1 тармағында қарастырылған қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша Казталов ауданының Ақпатер ауылының тұрғыны А. 2020 жылдың қазан айының 2-12 күндері арасында, Қараөзен өзенінен, айтарлықтай залал келтіре отырып балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алғаны анықталды. Яғни, азамат А., жоғарыда көрсетілген уақыттың ішінде, жалпы салмағы 379,75 кг. 10919 дана өзен шаяндарын заңсыз алып жинап, мемлекетке 1898902 теңгеге айтарлық-тай материалдық залал келтірген. Сөйтіп 13.10.2020 жылы осы шаяндарды 35 дана қапқа салып, танысының автокөлігімен Жалпақтал ауылына қарай келе жатырған кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот мәжілісінде сотталушы ретінде жауапталған А., өзіне тағылған айыпты мойындап, өкінетінін көрсетті.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар есебінде сотталушының кінәсін мойындауын, материалдық және отбасылық жағдайын, бұрын сотталмағанын, жас балалрының болуын ескеріп, ал жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты, жаза ретінде келтірілген залалды мемлекет пайдасына өндірумен бірге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі