Есірткімен масаю күйінде көлік жүргізген
11/03/2015
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2015 жылдың 20 ақпанында шамамен сағат 15.00-де «OpelAstra» маркалы автокөлігін марихуана каннабиноид есірткісіне масаю күйінде басқарған, азамат А.А.Мустафинге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды..
Сот отырысында құқықбұзушы 20 ақпанда шамамен сағат 15.00-де «Opel Astra» маркалы автокөлігін есірткімен масаю күйінде басқарғанын, ал бұдан екі күн бұрын марихуана шеккенін мойындады.
Соттың қаулысымен құқықбұзушы үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Источник:
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі