Басып озу салдарынан жол апатын туындатқан
05/05/2016
Қаратөбе аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 б. 1 б. әкімшілік іс қаралды.
Құқықбұзушы автокөлігімен Сулыкөл-Қаратөбе бағытында келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, алдында келе жатқан автокөлікті оң жағынан басып озу кезінде соқтығысып, иесіне материалдық шығын келтірілген.
Сот отырысында құқық бұзушы жол-көлік оқиғасына байланысты өз кінәсін мойындады.
Сот оны кінәлі деп танып, 21 210 теңге әкімшілік айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Источник:
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі