Сс, 13/01/2015 - 10:48
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаевтың төрағалығымен жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексінің негізгі мәселелерін талқылау бойынша семинар-кеңес өтті.
Шараға облыс соттарының судьялары, облыстың прокуратура және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.
Кездесуде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне ене бастаған жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексі бойынша әріқарай жұмыстанудың негізгі тұстары талқыға салынды.
Тараптар жаңа заңнаманы қолдану барысында туындайтын келелі мәселерді өзара талқылауға арналған осындай бас қосулардың маңыздылығын атады.
Источник:
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі