Сот шетелдікті заңсыз иемденген пәтерден шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал  қаласының  №2  сотына        Түркия  азаматын 3 бөлмелі пәтерден  шығару  туралы талап арыз түсті.

Жауапкер пәтерді өз қаражатына  сатып  алдым  деген  уәжбен тұрғын үйді босатпай қойған.  Себебі, ол  шетел  мемлекетінің азаматы  болуына  байланысты   мүлікті  өз  атына  ресімдей  алмай,  серіктесінің атына  ресімдеген.

  Сот  дау тудырған  пәтердің  талапкердің  атына  ресімделуіне байланысты,  пәтерден шығару туралы талап  арыз  қанағаттандырды.  ҚР     АПК-ның   264  б.  сәйкес  мүлік   иесі  өзінің  мүлкіне   деген   құқығына   келтірілген  барлық    қайшылықты   жоюды  міндеттей  алады.  Түркия  азаматы  басқа  тұрғын  үй-жай  берілмей  пәтерден  шығарылды.

  Шешім Батыс Қазақстан  облыстық  сотына   апелляциялық  тәртіппен шағымдалып, өзгеріссіз қалдырылып, шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі