Жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 2 б. әкімшілік істі қарады.

Көлік жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан құқық  бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 2 бөлігімен жауапкершілігі көзделген.

Сот барысында анықталғаны  құқықбұзушы автокөлігін басқара отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, яғни, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жасөспірімді түйіп, соның салдарынан жол-көлік оқиғасын болдырып,  оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі