Жәнібек аудандық сотында «Отбасы дауларындағы медиация» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстел жұмысын төраға Айвар Бижанов,  судья Нұрмұхамбет Жұмәлі, Жәнібек ауданы бойынша кәсіби емес медиатор Болат Закарин, ЖПҚ-нің бастығының орынбасары Зейнур Жұбанышев, «Акбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы  Руслан Нуралиев қатысты.

Судья Н.Жұмәлі өз баяндамасында, отбасы медиациясы - медиация түрлерінің ең бірінші және жиі қолданылатын түрі болып табылатындығын, ерлі-зайыптылардың ажырасу кезіңінде туындайтын даулар бойынша, атап айтқанда, балалармен кездесу тәртібін, олардың тұрғылықты жерін анықтау, алимент төлеу және ортақ мүлікті  бөлуде қолданылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Н.Б.Жұмәлі медиация рәсімінің енгізілуіне және қолданылуына байланысты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  соттағы неке-отбасы қатынастарындағы дауларға байланысты барлығы қаралған істердің 3 ісі татуластыру рәсімдерін қолдану жолымен қаралғанын айтты.

Кездесу барысында шараға қатысушылар отбасы дауларындағы медиация рәсімін қолдану артықшылықтары мен ерекшеліктерін талқылады. 

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.