Жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚӘтК- нің 442-бабының  3-бөлігімен Орал қаласының тұрғынына қатысты (жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз болуы» әкімшілік іс қаралды.

«102» номеріне жасөспірімнің жалғыз далада жүргені туралы хабарлама түсіп, Орал қаласының  ІІБ инспекторымен кәмелетке толмағанды «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-не жеткізген.

2002 жылы дүниеге келген кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін, сот анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Соттың қаулысымен азаматшаға әкімшілік жаза түрінде  31815  тенге мөлшерінде айыппұл салынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі