Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша оқушыларға дәріс оқылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі А.Бисенова жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінде «Тәртіп және қоғам» тақырыбында дәріс оқыды.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында кез-келген жсөспірім өзінің жасаған теріс әрекеттерінің салдары қандай қиыцн жағдайларға әкеліп соқтыратынын біле мермейтіндігін атады. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың түрлері және сол үшін жауапкершіліктің жас мөлшері түсіндірілді.

А.Бисенова жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға шақырып, әрбір азамат өзінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар,  және біз қоғамдық тәртіпті сақтауымыз керек екенін  айтты.

Мектеп басшылығы осындай пайдалы да маңызды шара үшін сот қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі