Жаңақала аудандық соты 2016 жылды қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотының төрағасы А.Ғапуов «Жаңарған өңірі» газетінің  тілшісінің  қатысуымен, соттың 2016 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

Сот төрағасы статистикалық мәліметтерді жариялап,   2016 жылдың 12 айында соттың өндірісінде 105 тұлғаға қатысты 89 қылмыстық іс түскенін айтты.  Өткен жылмен салыстырғанда 15 іске көбейген (74/88).

2015 жылдың  қалдығын (4/6) ескере, 111 тұлғаға қатысты 93 қылмыстық іс қаралумен аяқталған. 55 тұлғаға қатысты 45 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, 49 тұлғаға қатысты 44 іс қысқартылды, 5 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық істер бойынша прокурорға қайтару туралы қаулы шығарылды, 2 тұлғаға қатысты 1 бір іс соттылығы бойынша жолданды.

55 сотталғандардың 26 тұлғасына қоғамдық жұмысқа тарту жазасы, 20 тұлғаға қатысты бас бостандығынан шектеу түрінде жаза, 1 тұлғаға айыппұл жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыруға 6 тұлға, ҚР ҚК-нің 63 бабын қолдану арқылы шартты түрде 2 тұлға сотталды. Қаралған істердің басым бөлігін қылмыстық теріс қылықтар құрайды.

Статистикалық деректерге сәйкес талап арыздардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11-ге көбейген (2016 ж-389,  2015ж - 378).

2016 жылды 12 айдың Жаңақала аудандық сотында барлығы 371 (2015 ж - 337) азаматтық іс аяқталды.

Арыздардың басым бөлігі аудан тұрғындарынан келісім шарт міндеттелелерінен туындайтын даулар және некені бұзу туралы істер құрайды.

Бүгінгі күні республика соттарында әр түрлі дауларда медиация кеңінен қолданылады.

2016 жылы медиаторлардың қатысуымен 28 азаматтық істер бойынша медиациялық келісім жасалған, ол өткен жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 21 іске көп.

Сотта жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. «Сот кабинеті» электрондық сервис арқылы 389 электронды талап арыз қабылданды.

2016 жылдың 12 айында 441 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, 337 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылданды, оның ішінде 22 ескерту, 110 айыппұл, 165 қамақ, 40 арнаулы құқықтан айыру жазасы тағайындалды. 104 іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, оның ішінде 83 іс тараптардың татуласуымен, 17 іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты және 2 іс әкімшілік жауапқа тартудың мерзімі өтуіне байанысты қысқарған.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Ғапуов 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодекстегі жаңартулары туралы айтып өтті. Атап айтқанда үш сатылы сот жүйесі жайлы, азаматтық-құқықтық дауларда прокурордың қатысуының қысқаруы, соттылық және азаматтық істерді қарау мерзімдерінің тәртібі туралы, сондай-ақ партисипативтік рәсім арқылы дауларды реттеу тәртібі жайлы айтылды. Сонымен қатар сот төрағасы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолдану мәселелеріне тоқталды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі