Жалпақтал ауылдық округінің жұртшылық өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алды алу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында "Аналар кеңесі» ҚҰ өкілі У.Неталиева, кәсіби емес медиатор Ғ.Ш.Едекешов, Жалпақтал полиция бөлімінің өкілі А.Нұғманов пен Жалпақтал  ауылдық округінің маманы Қ.Спашева қатысуымен « Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар өтті.

Сот төрағасы м.а. С.Оразғалиева өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар мәселе екенін атады. Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. «Көшедегі агрессияның да бір себебі - отбасындағы жағдай. Үйден ызамен шыққан адам өшін өзгеден алады. Адамдардың қоғамдық жерлердегі және көліктегі теріс қылықтары, көп жағдайда, отбасында болып жатқан жағдайлардың көрінісі екенін атады.

Жалпақтал полиция бөлімінің өкілі А.Нұғманов өз сөзінде  Қазақстанда  статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес екенін айтты. «Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Алайда бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері айтылмаған күйінде тіркелмей қалады- деді А.Нұғманов.

 Кәсіби емес медиатор Ғ.Ш.Едекешов жұмыстың сәтті жүруіне қоғамның менталитетін өзгерту қажет, ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапкершіліксіздік сезімін дамытатыны айтты.

Шараға қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылық  үшін жауапкершілікті күшейту қажет деген  пікірге келді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі