Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талапты қарау кезінде туындайтын мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талапты қарау кезінде туындайтын мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, облыс және  Орал қ. прокуратурасының қызметкерлері, БҚО әділет Департаменті заң қызметтерінің басшылары, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

БҚО МАЭС судьясы Н.Танкиева «Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеу) жарамсыз деп тану туралы талапты қарау кезінде туындайтын мәселелер" тақырыбында баяндама жасап, кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларды құру немесе қайта тіркеу кезінде әртүрлі себептермен заңдылықтың бұзылуына жол беруіне байланысты салық органдары мұндай талап-арыздарды беруге жиі бастамашы болуы аталған тақырыптың өзекті болына себеп болғанын атады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соның ішінде: құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, қайта ұйымдастыру фактісін куәландыру үшін жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаның құрылу тәртібін бұзу, сот шешімі бойынша оны тіркеуді жарамсыз деп тануын мойындауға әкеп соғады.

Заңды тұлғаны тіркеу оны құру кезінде заң немесе өзге де нормативтік құқықтық актілеріне  байланысты бұзушылықтарға жол беріліп, егер осы бұзушылықтар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жойылмайтын сипатта болса, сотпен жарамсыз деп танылуы мүмкін.  

Яғни, заңды тұлғаның барлық іс-әрекеттері (соның ішінде жасалған мәміле) оның құрылған кезінен бастап жарамсыз деп танылған тіркеуі, аяқталмаған (жарамсыз, жалған). деп танылады

Заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп тану, мәмілелер және өзге де құқықтық актілерді жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Сондай-ақ, Орал қаласы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Э. Хасанова кәсіпорындарды заңсыз тіркеу дәлелдемелерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндады.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: