ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІН ДҮРЛІКТІРГЕН БҮЛІКШІЛДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

.04.2014 ж.

 

Батыс Қазақстан облысындағы сотталғандардың түзеу колониясында бүлік ұйымдастырғандарға қатысты үкім шығарылды.

Орал қалалық соты колонияда жазаларын өтеп жатқан 7 сотталушыны бүлік шығарғандары үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 360 бабының  3 бөлігімен кінәлі деп тапты.

         Алдын ала тергеу органдары анықтағандай, 2013 жылдың тамыз айында  РУ-170/2 мекемесінде тінту шараларын жүргізу барысында қолдануға рұқсат етілмеген  заттар тәркіленген.

            Осы шара барысында сотталушылар мекеме әкімшілігінің әркетіне бағынбай, қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін заңды талаптарына қарсылық акциясын ұйымдастырған. Сөйтіп, 64 сотталушы өздеріне қол салып, әр-түрлі дене жарақаттарын келтірген.

Тергеу барысында бүлікті ұйымдастырған, сотталушыларға ықпалы бар 7 сотталушы анықталған. Олардың бәрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 360 бабының  3 бөлігімен қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына қасақана бағынбағандары үшін кінәлі деп танылды.

Қылмысты ұйымдастырушы 7,5 жылға, қалған алтауы 5 жыл 1 айға  бас бостандықтарына айырылып, жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша  тергеу жүргізген кезде «аса ауыр қылмыстың қайталануы» белгілерін көрсетпеген тергеушінің және РУ-170/2 мекемесі жаза өтеушілердің арасында тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмегендігіне байланысты Қылмыстық Түзеу жүйесі Комитетінің атына жеке қаулы шығарылды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі