Тұтынушының құқығы бұзылғаны туралы талап медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотының ұйғарымымен тұтынушылардың құқығын бұзу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс аяқталды.

 Сот отырысында 2016 жылдың тамыз айында талапкер жеке кәсіпкермен жеке тапсырыс бойынша ас бөлмесінің гарнитурын дайындау шарты жасасқаны анықталды. Тапсырыс беруші жиһазды дайындау үшін 200 000 теңге сомада аванс төлеген. Жиһаз  уақтылы дайындалды, бірақ оны құрастыру барысында гарнитурдың дайындалған бөлшектері жасалған өлшемдеріне сәйкес еместігі анықталған.

Тараптар сот отырысында сотқа  медиция тәртібінде дауды шешу туралы келісімді ұсынып,  оның нәтижесі бойынша тараптар татуласқан. Сот ҚР АПК 277б. 6т. Сәйкес, іс бойынша өндірісті қысқартты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі